Білім

Елімізде докторантураға құжат қабылдау басталды

Қазақстанда докторантура емтиханына қатысуға өтініш қабылдау басталды. Науқан тамыздың 3-іне дейін жалғасады. Емтиханның өзі 4-20 тамыз аралығында өтеді. Бұл туралы Білім және жоғары ғылым министрлігі хабарлады. Өтініш Ұлттық тестілеу орталығының сайтында қабылданады. Осы ретте айта кеткен жөн, үміткер тек бір жоғары оқу орнын ғана таңдай алады. Тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде 9 тамызда жарияланады. Сынақ талаптары: әңгімелесу, эссе жазу және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан тапсыру. Жалпы түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші 100 балды құрайды. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін және ақылы негізде докторантуға түсу үшін 75 балл жинау қажет.