Петропавлда автобус кондукторына «Жол патрульдік полициясы» деген жазуы бар жилет кигені үшін айыппұл салынды. Іс қалалық Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды. Полиция қызметкерінің арнайы формасын киген әйел адам жұмыс орнында ұсталған. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 20 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.