Облыстық полиция департаментінде алғашқы погон табыстау рәсімі өтті. Учаскелік инспекторлар қызметі, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесі және қаржымен қамтамасыз ету басқармасының үш жас маманына лейтенант шені берілді. Бұдан бөлек, тоғыз қызметкерге кезекті арнаулы полиция капитаны шені берілді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы, жедел қимылдайтын арнайы жасақ пен бірінші полиция бөлімінің аға инспекторлары майор шеніне ие болды. Ал есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Үмбетов полиция подполковнигі атанды.