Қоғам

Петропавлдан – Египетке

Өңір тұрғындары енді облыс орталығынан тура Мысыр еліне ұша алады. Бүгіннен бастап Петропавлдан туристер арасында аса танымал Шарм-Эль-Шейх курортына дейін әуе қатынасы қайта жанданды. Екі арада заманауи ұшақтар қатынайды. Жолдың ұзақтығы 5 сағатты құрайды. Қызыл теңіз жағалауына бағыт алған әуе кемелері 10 күнде бір ұшады. Солтүстікқазақстандықтардың айтуынша, бұл өте ыңғайлы және уақыт үнемдейді.