М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да шығармашылық емтихан тапсыратындар мен ақылы негізде оқуға түсетін талапкерлерден құжат қабылдау жалғасуда. Қазіргі таңда жергілікті жоғарғы оқу орныына түсу үшін өтініш жазып отырғандардың бірі – Саят Қадыржанұлы. Талапкер Мағжан Жұмабаев ауданынан келген. “Дене шынықтыру” мамандығын таңдапты. Аталған бағытты қалауы спортқа деген құлшынысымен байланысты.
САЯТ ҚАДЫРЖАНҰЛЫ, талапкер:
— Өзім 5 жылдай грек-рим күресімен айналысамын. Алда шығармашылқ емтихан күтіп тұр. Онда біз турникке тартылу, қашықтыққа жүгіру сынды нормативтерді орындауымыз керек.
Жалпы, шығармашылық емтиханға өтініш “Дене шынықтыру”, “Журналистика”, “Дизайн” және “Музыка” мамандықтары бойынша қабылданады. Бүгінде өз бағын 200-ден астам талапкер ниет білірген екен.
АЙГҮЛ НҰРПЕЙІСОВА, М. Қозыбаев атындағы СҚУ академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі:
— Шығармашылық емтихан тапсыруға өтініштер 8-ші шілдеге дейін жүреді. Кейін 9-ы мен 11-і аралығында сынақтар басталады. Сонымен қатар, 13-і мен 20-шы шілде аралығында грантқа түсу үшін өтініштер қабылдана бастайды.
Қабылдау комиссиясына жалпы грант туралы сұрастырып келген жандар да бар. Мәселен, Аякөз Шәріпова бүгін өз немересімен келіпті. Талапкер – жергілікті Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі. Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары ұпай жинаған. Таңдап отырған мамандығы – медицина саласы.
АЯКӨЗ ШӘРІПОВА, қала тұрғыны:
— Қозыбаев университетіне “Фармацевт” және “Жалпы медицина” мамандығына қандай құжаттар керек екенін қарады. Немерем Алматы қаласындағы жоғары оқу орнына түскісі келеді.
Айта кеткен жөн, Қозыбаев университетінің құжат қабылдау комиссиясы Пушкин көшесі бойындағы жаңа оқу корпусында орналасқан. Мамандар құжаттарды таңғы 8-ден кешкі 6-ға дейін рәсімдейді.
Ақтолқын Солтанханқызы