“Сыбайлас жемқорлыққа “Жоқ!” деп айт”. Мамлют ауданында “Заң және тәртіп” идеологиясы аясында осындай атаумен зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Оған негізінен мемлекеттік қызметшілер қатысты. Барлығы – 8 топ құрылды. Әрқайсысында – 6 адамнан. Сұрақтар сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбына арналды.
ШАМИЛЬ АМИРОВ, Мамлют ауданы мәдени орталығының қызметкері:
— Шараны ұйымдастырудағы мақсат – мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру. Қатысушылардың дені – жастар. Көбі жемқорлық тәуекелдерінен хабардар екен және заң нормаларын да біледі.