Облыста 5 айдың ішінде 200-ге тарта жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 260-қа жуығы жарақат алды. Оның 40-тан астамы – балалар. Жолдағы оқыс оқиғалардың көбі рөлдегі адамның кесірінен болған. Көшелердің қиылысында тіркелген апаттардың саны 100-ге жуықтайды. Жолдағы қозғалыс пен жолаушы тасымалының қауіпсіздігі мәселесі облыстық полиция департаментінде өткен отырыста талқыланды. Жиынға тәртіп сақшылары, прокурорлар мен мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
УӘЛИХАН ОРАЗАЛИН, СҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары:
— Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жылдамдықты асыру, қарсы бағытқа шығып кету, маневрді дұрыс орындамау. Сондай-ақ, жүргізушілердің жолда жүру тәртібі төмен. Бұл да көлік қозғалысына кері әсер етуі мүмкін.