ҚоғамҚұқық қорғау органдары

СҚО полицейлері «ATAZAN_AZAMAT_KZ» атты челлендж өткізді

Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері«ATAZAN_AZAMAT_KZ» атты ауқымды челленджге қатысты. Мақсат – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Челлендж аясында полицейлер халықты құжаттандыру бойынша атқаратын жұмыстың барлық қыр-сырын көрсетті. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары №2 түзеу мектебіне барып, 16 жасқа толған тәрбиеленушілерге құжаттарын табыстады. Жалпы, жыл басынан бері полицейлер жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 27 адамды анықтап, құжаттандырған. Аталмыш эстафетаны теріскейліктер Павлодар облысындағы әріптестерінен қабылдап, оны Шығыс Қазақстан облысына жолдады.