Сенген қойым сен болсаң, күйсегеніңді ұрайын. Дәл осы сөз парамен ұсталған шенеунікке арналғандай. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары 9,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, ол жол жөндеу жұмыстары бойынша орындалған актілерге қол қою үшін және жолаушылар тасымалы бойынша шығындарды өтеу кезінде субсидия төлеу мақсатында мердігер ұйымдардан қыруар қаржы алып, қалтаға басқан. Айта кету керек, айыпталушы параны жүйелі түрде алып отырған. Аталған фактіні Антикор мен Бас көлік прокуратурасы бірлесе анықтаған.