Өңір полицейлері Ұлттық домбыра күнін атап өтті. Іс-шараға 30 тәртіп сақшысы қатысты. Олардың басым бөлігі – ведомствоның мәдени орталығына мүшелік ететін өнерлі жандар. Арасында домбыраның құлағында ойнайтындары аз емес. Мұндай іс-шараларға қатысу жас қызметкерлердің патриоттық сезімін арттыруға және полиция мен қоғам арасындағы байланыстың нығаюына ықпал етеді.