Спорт

“Қызылжар” ФК 20 күннің ішінде 4 маңызды матч өткізеді

Петропавлдық “Қызылжар” футбол клубы 20 күннің ішінде 4 маңызды матч өткізеді. Жерлестеріміз шілденің 5-і күні “Қарасай” стадионында шымкенттік “Ордабасы” командасын қабылдайды. Содан соң Түркістанға қонаққа барып, “Тұранға” қарсы тұрады. Одан кейін 20-шы шілде күні өз алаңында турнирлік кестенің соңғы сатысына жайғасқан “Атырау” клубымен кездеседі. Араға алты күн салып қонақта қызылордалық “Қайсарға” қарсы ойнайды. Теріскейлік теңбіл доп шеберлерінің аталған айда кездесетін қарсыластары – өзімен деңгейлес немесе төмен командалар. Жерлестеріміз маусым айында 4 азулы қарсыласпен кездескен болатын. Айта кету керек, қазіргі таңда “Қызылжар” футбол клубы 15 ұпаймен турнирлік кестенің 8-ші орнына жайғасқан.