Қоғам

Қазақстанда инвесторлардың құқығын қорғайтын жаңа жүйе іске қосылды

Қазақстанда инвесторлардың құқығын қорғауға арналған “Прокурорлық сүзгі” механизмі іске қосылды. Бұдан былай мемлекеттік органдар қадағалау органының келісімінсіз қалтасы қалың азаматтарға қатысты тексеріс жүргізіп, әкімшілік іс қозғай алмайды. Облыста аталған игі бастама аясында ауқымды жұмыс атқарылуда. Бүгінгі дейін өңір прокурорлары инвесторларға қатысты шектеу шаралары бар 75 материалды қарап шықты. Нәтижесінде негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тартудың – 10, заңсыз тексерудің 2 фактісі анықталды. Бұдан бөлек, “Әкімшілік құқықбұзушылықтың бірыңғай тізілімі” ақпараттық жүйесі арқылы 22 заңбұзушылықтың жолы кесілген. Заңсыз әрекеттері үшін 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде Аққайың аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы бар.