20 жастағы қала тұрғыны Қарғалы аралындағы демалыс базасы маңында адасып қалған. Ол жүкті құрбысына шақырылған жедел жәрдем көлігін күтіп алуға шыққан екен. Уайым мен қобалжу үстінде келе жатқан бойжеткен жолынан жаңылып қалады. Адасып кеткенін түсінген нәзікжанды дереу полицияға хабарласқан. Тәртіп сақшылары бірден орман алқабы мен Пестрое көлінің маңын шолуға кіріседі. Бойжеткенді полиция аға лейтенанты Бейбіт Кереев пен полиция лейтенанты Анатолий Божко тапты. Үсті-басы малмандай су, жаурап қалған қызды тәртіп сақшылары батпақтан жол тауып, қауіпсіз жерге алып шықты.