ҚоғамҚұқық қорғау органдары

Іздеуде жүрген пәтер ұрысы ұсталды

Оңай олжаға кенелгісі келген 47 жастағы пәтер ұрысы ұсталды. Мамлют ауданының тұрғыны бұған дейін де істі болған екен. Маусымның басынан бері ұрлық фактісі бойынша іздеуде жүрген қарақшы қала аумағындағы бірнеше үй мен саяжайды тонап үлгерген. Араға үш апта салып Парк және Партизан көшелерінің қиылысында тәртіп сақшылары жұртты әбігерге салған алаяқты құрықтады. Қазіргі күні ер адам 8 ұрлыққа қатысы бар деп айыпталуда.