Өткен дамалыс күні Бескөл ауылында сенбілік өтті. Ауыл-аймақ ішін жинастыруға әкімдік өкілдері шыққан. Шара “Таза Қазақстан” акциясы аясында әр сенбі ұйымдастарылып тұрады. Қазір мемлекеттік қызметкерлер қаулап өскен арамшөпті шауып, ойын алаңдары мен жиектастарды сырлау жұмыстарына білек сыбана кірісіп кеткен.
ГҮЛЖИХАН БӘШІМОВА, Қызылжар ауданы жастар ресурстық орталығының өкілі:
— Бүгін жастар орталық ресурсы сенбіліктен тыс қалмауды жөн көрді. Қазір біз орындықтар мен жиектастарды сырлап жатырмыз.
Сенбілікте Қызылжар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бейбіт Исманов та бой көрсетті. Ол саябақ ішіндегі арамшөптің ору жұмысына ат салысты.
БЕЙБІТ ИСМАНОВ, Қызылжар ауданы әкімінің міндетін атқарушы:
— Сенбілікке шыққан ұйымдардың әрқайсысына белгілі бір аумақ берілген. Тазалық шарасы бүкіл ауылды қамтыды. Тазалық жұмыстарына қажет құрал-жабдықтар жеткілікті, сондай-ақ, қоқыс төгуге арналған техника тартылды.
Жалпы, сенбілік жұмыстарына 25 ұйымның өкілдері, яғни 200-ге жуық адам қатысты.
Ақтолқын Солтанханқызы