Қоғам

№7 орта мектебінде мониторинг жүргізілді

Білім басқармасының мамандары мен қалалық мәслихат депутаты Сәлімхан Сәбитов №7 орта мектебінде мониторинг жүргізді. Шара барысында мекеменің кембағал жандар үшін қаншалықты жабдықталғаны тексерілді. Мониторинг қорытындысы бойынша барлығы талапқа сай болып шықты. Яғни, мектептің кіреберісінде көтергіштер пен қызметкерді шақыру нүктесі бар. Нысанның негізгі есіктері де кеңейтілген. Сондай-ақ, мектеп көзі нашар көретін жандарға аса қажет бағдарлаудың көмекші құралымен жабдықталған. Тіпті, жуынатын бөлме де қарастырылыпты.