Айыртау ауданында «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы «Miras» қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиын барысында қолөнер шеберлерін қолдау, дәстүрлі өнерді насихаттау және мемлекеттік тіл саясатын ілгерілету мәселелері талқыланды. Кеңес мүшесі Сағындық Салмұрзиннің айтуынша, шеберлердің көпшілігінің жеке шеберханалары мен сауда нүктелері жоқ, салдарынан олардың өз ісін дамытуға және жәрмеңкелерге қатысуға мүмкіндіктері болмай отыр. Мәселен, Өзбекстан мен Қырғызстанда шеберлерге субсидия беріліп, арнайы орталықтарда оқыту және өнімді ілгерілету жұмыстары жүргізіледі. Қоғам белсендісінің пікірінше, бұл тәсілді СҚО-да қолға алу қажет. Айта кеткен жөн, биыл өңірде III Халықаралық «Qyzyljar шеберлер мекені» фестивалін өткізу жоспарлануда.