ТЖ

Петропавлда 10 қабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды

Кеше таңертең облыс орталығындағы Шәжімбаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты. Таңғы сағат 5-тен кете 9-шы қабаттағы пәтер жанған. Оқиға орнына дереу жеткен ТЖД күштері тілсіз жауды 20 минуттың көлемінде ауыздықтап, сөндірді. От шалған аумақ 35 шаршы метрді құрайды. Баспанадан баспалдақпен 30 адам эвакуацияланды. Оның 10-ы – бала. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт сөндіруге 30 маман мен 10 техника тартылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Еске сала кетейік, облыста жыл басынан бері 250-ден астам өрт тіркелген. Салдарынан 16 адам қаза тауып, 26 адам жарақат алған. Келген материалдық шығын 200 млн теңгеден асады.