ТЖ

Тайынша ауданында кәсіпорында жарылыс болып, 8 адам жапа шекті

“101” қызметіне Ильичевка ауылындағы “Тайынша май” ЖШС аумағында сұйытылған газ тиелген автокөліктің өртенгені туралы хабар келіп түседі. Алдын ала ақпарат бойынша жанармай құю кезінде газгольдердің шлангісі үзіліп кетіп, газ тасығыш машина мен жерасты резервуардың тіреуіш арматурасы жанады. Оқиға орнына теріскейлік ТЖД күштері мен Ақмола облысының өрт сөндірушілері келіп жетеді. Өрттің салдарынан 8 адам түрлі дәрежедегі күйік алып, Көкшетау қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің қарауынан кейін біреуі үйіне жіберілді. Өртті сөндіруге 80 адам мен 20 техника тартылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ӘДІЛ СПАЕН, СҚО ТЖД басқармасы бастығының орынбасары:

— Өрт орнына жедел 26-шы өрт сөндіру бекеті және Тайынша қаласының 14-ші өрт сөндіру бөлімі одан әрі Ақмола облысының өрт сөндіру қызметкерлері жұмылдырылды. Бүгінгі таңда белгілі, 8 адам әртүрлі жарақаттар алды. Ол адамдарға арнайы медициналық көмек көрсетілуде.