Қоғам

Нашақорлыққа қарсы жаппай жүгіру шарасы өтті

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні. Осыған орай кеше Петропавлдың орталық алаңында жаппай жүгіру шарасы өтті.

ДИНАРА ОРЫНБАЙ, БЖСМ-мен жұмыс жөніндегі облыстық дене шынықтыру-спорт орталығының әдіскері:

— Бұл біздің спорт басқармасының ұйымдастыруымен және полиция департаментінің қолдауымен өткізіліп жатыр. Марафонға студенттер, оқушылар мен қарапайым қала тұрғындары қатыса алады.

Шара гимнастикалық қойылымнан басталды. Кейін жиналған қауымға қол-аяқтарын қыздырып алу мақсатында жаттығу көрсетілді.

Жаппай жүгіруге келгендердің саны 200-ден асады. Қатысушылардың арасында үлкені де, кішісі де бар. Мәселен, Александр Загвоздин 64 жаста. Қала тұрғыны 14 жасынан бастап спортпен шұғылданады. Азамат қалада болатын жарыс атаулыдан қалыс қалмаймын дейді.

АЛЕКСАНДР ЗАГВОЗДИН, жарысқа қатысушы:

— Жаппай жүгіруге қатысып жүргеніме 53 жылдай болып қалды. Өткен жексенбі күні марафонға қатыстып, 52 шақырымды еңсердім. Мен жастарды зиянды әдеттен аулақ болып, спортпен айналысуға шақырамын. Дені саудың – жаны сау.

Бүгінгі шараға қатысушылар 2 шақырымды еңсерді. Олар облыс орталығының негізгі 6 көшесімен жүгіріп өтті.
Жарыста оқ бойы озық келгендерге марапат бар. Өзгелері де құр қол қайтпайды. Әр қатысушыға медальдан тағылды.

 

Ақтолқын Солтанханқызы