Балалар

Жұмажан Жүкенов жазғы сауықтыру лагерінің жұмысымен танысты

Өңірге жұмыс сапары барысында Оқу-ағарту министрлігі жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі Жұмажан Жүкенов Қызылжар ауданындағы “Серебряный бор” жазғы сауықтыру лагерінде болды. Демалыс орнының тыныс-тіршілігімен танысты. Мұнда 4 жатын корпус, асхана, монша, жуыну бөлмесі және бассейн бар. Бәрі жаңа. Лагерді аралау барысында Жұмажан Қамкенұлы балалармен тілдесті. Хал-жағдайларын білді.

Демалыс орнының әр корпусына бас сұққан Жұмажан Қамкенұлы балаларға жасалған жағдайға жоғары бағасын берді.

ЖҰМАЖАН ЖҮКЕНОВ, ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі:

— Маған балаларға жасалған жағдай ұнады. Биыл біршама облыста жұмыс сапарымен болдым. Түрлі балаларға арналған демалыс орнына бардым. “Серебряный бор” лагері солардың ішіндегі үздіктердің бірі деп нық айта аламын.

“Серебряный бор” лагері жасыл желектің ортасында орналасқан. Ауасы таза, табиғаты әсем, жанға жайлы. Демалыс орнында керектінің бәрі бар. Мұнда демалып, жаңа оқу жылына күш жинай аласың.

ҒАФУРА БӨСТЕКОВА, “Серебряный бор” лагерінің басшысы:

— Балалар лагерінде жоспар бойынша биыл 6 маусым болады. Әр маусымда 80 баладан демалады. 5 мезгіл тамақ береміз.

Серебряный бор” лагерінің ұжымы әр баланың көңілінен шығу үшін арнайы бағдарлама әзірлеген. Мұнда қазір 100-ге жуық бала демалуда. Бәрі – Қызылжар ауданынан. Кеше ғана келсе де олар бір-бірімен танысып, достасып үлгеріпті.

АЯНА ҚОЖЫҚОВА, демалушы:

Лагерь маған қатты ұнады. Жаңа достар таптым. Төсек жинауды, қолөнер бұйымдарын жасауды үйрендім.

Демалыс орнын өткен жылғы су тасқыны кезінде тілсіз жау басқан. Лагерді қалыпқа келтіру жұмыстарына облыстық бюджеттен 190 млн бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген екен.

 

Нұрасыл Ахмет