Қоғам

Петропавл тұрғыны “табысты іске” қаржы құямын деп 19 млн теңгесінен айырылды

Аңғалдық алаяқтың апанына апарды. Петропавл тұрғыны “табысты іске” қаржы құямын деп 19 млн теңгесінен айырылды. Жәбірленушіні қулар “биржалық ойынға” ақша салсаңыз, табысыңыз таудай болады деп сендірген. Әлеуметтік желіде мұндай жеңіл жолмен табыс табу туралы жарнамалар жиі кездеседі. Сілтемеге өткеннен кейін алаяқтар WhatsApp арқылы хабарласып, өздерін инвестициялық немесе кеңес беру компаниясының қызметкері ретінде таныстырады екен. Сосын биржалық іске ақша салуды ұсынады. Ақша қалтаға түскеннен кейін ұшты-күйлі жоқ болады. Бес ай ішінде осындай схемамен 30-ға жуық солтүстікқазақстандық алданған.