Полицейлер 46 жастағы ер адамның ешбір құжатсыз жүргенін анықтады. Ол бала кезінде отбасымен бірге Одессадан көшіп келген. Облыс орталығында түрлі мектепте оқыған, жұмыс орнын да жиі ауыстырыпты. Ер адамның жеке басы мен шетелдік азаматтығының жоқтығы расталған соң мамандар тиісті құжаттар жинады. Әлеуметтік бейімделу орталығында тұрып жатқан азамат өмірінде алғаш рет жеке куәлік алды. Жыл басынан бері көші-қон қызметі құжатсыз жүрген 27 солтүстікқазақстандықтың құқықтық мәртебесін анықтауға көмектескен.