Білім

Жергілікті университет қабырғасында құжат қабылдау басталды

Мектеп түлектері үшін тағы бір маңызды кезең басталды. Қазақстанда жоғары оқу орындары құжат қабылдап жатыр. Бейінді министрлік тарапынан ондаған мың грант бөлінген.

АЙГҮЛ НҰРПЕЙІСОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі:

ҚР Ғылым және білім министрлігі тарапынан биылғы оқу жылына 79 мыңнан астам грант бөлінген. Оның ішінде біздің М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да бар.

Нақтырақ айтайық, қазіргі таңда жергілікті комиссия өкілдері шығармашылық емтихан тапсыратындар мен ақылы негізде оқуға түсетін талапкерлерден құжат қабылдауда. Ал гранттан үмітті жастар шілденің 13-і мен 20-сы аралығында өтініш білдіре алады. Осы орайда Қозыбаев университеті бірнеше жеңілдік ұсынады. Мысалы, шектік ұпай төмен.

ГҮЛМИРА ОСПАНОВА, М. Қозыбаев атындағы СҚУ қабылдау және рекрутинг кеңсесінің жетекшісі:

Педагогикалық мамандықтарға барсаңыздар, біз 75 ұпаймен қабылдаймыз. Ал үлкен қалаларда грант иегері атану үшін кемінде 115 ұпай жинау қажет.

Оқуға түсетін жастарды жатақхана жайы ойландыратыны түсінікті. Бұл тұрғыда Қозыбаев университетінде мәселе туындамайды.

ГҮЛМИРА ОСПАНОВА, М. Қозыбаев атындағы СҚУ қабылдау және рекрутинг кеңсесінің жетекшісі:

— Қазақстан бойынша жатақхананы 4 жылға беретін ең бірінші университет – Қозыбаев университеті. Оқуға түскеннен аяқтағанша дейін жатақханада тұруға болады.

Құлақ түріңіздер, Қозыбаев университетінің құжат қабылдау комиссиясы Пушкин көшесі бойындағы жаңа оқу корпусында орналасқан.

 

Ақтолқын Солтанханқызы