ҚоғамҚұқық қорғау органдары

Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету апталығы басталды

Заң және тәртіп қағидаты аясында СҚО-да тұрғындарға құқықтық көмек көрсету апталығы басталды. Құқық қорғау органдарының өкілдері маусымның 27-ші жұлдызына дейін сауда орындары мен адамдар көп жүретін вокзал маңына және Оқушылар сарайына барып, толғандырған сұрақтарына жауап береді. Шыны керек, қазіргі таңда тұрғындардың бәрі бірдей өздерінің құқықтарын білмейді. Салдарынан алаяқтардың арбауына түсіп жатады. Апталық жағымсыз жайттардың алдын алуға бағытталған. Акцияның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов пен облыс прокурорының уақытша міндетін атқарушы Әбу-Әли Саттар қатысты.

ӘБУ-ӘЛИ САТТАР, СҚО прокурорының уақытша міндетін атқарушы:

Бұл іс-шара қоғамдағы тәртіпті сақтауға көмегін тигізеді. “Заң және Тәртіп” қағидасы аясында “Әділетті Қазақстанды” құрамыз деген сенімдемін. Тұрғындардан шарадан қалыс қалмауды сұраймын.