СҚО әкімдігі

Қызылжар ауданы әкімін халық сайлайды

Басшыны бұқара анықтайды! Қызылжар ауданы әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты төте сайлау тағайындалды. Яғни, әкімді аудан тұрғындары сайлайды. Саяси науқан 2025 жылдың 10 тамызына белгіленген. Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Жиында аудан әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қаралды және бекітілді.