ҚоғамСпорт

Жерлесіміз Е.Әуелбековтің 95 жылдығына орай шахматтан турнир өтті

Жерлесіміз Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің 95 жылдығына орай шахматтан турнир өтті. Шараға қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен жастар қатысты. Бұл – достық кездесу, яғни ұтылғандар жоқ. Жарысты ұйымдастырудағы мақсат – интеллектуалды ойынды дәріптеу ғана емес, өскелең ұрпаққа өңірімізден шыққан белгілі тұлға жайлы мол ақпар беру.

ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Бұл кісі – бүкіл республикаға танымал, халықтың сүйікті қайраткері. Біздің жерде туып-өскеніне біз мақтанамыз. Үш бірдей облыста бірінші хатшы болып қызмет атқарды. Жүрген жерлерінде елге сыйлы болды. Халықтың әл-ауқатын көтеруге еңбек сіңіріп, 47 жасында Социалистік Еңбек Ері атағын алды.