Теріскейлік полицейлер жыл басынан бері 158 есірткі қылмысын анықтады. Оның 74-і зиянды затты сатуға қатысты. Заңсыз айналымнан 40 келіден астам есірткі тәркіленген. Оның 4 келіден астамы – синтетикалық ұнтақ. Бұл туралы тәртіп сақшылары жеткіншектер үйінде өткен профилактикалық шара барысында айтты. Сонымен қатар, ұл-қыздарға есірткіге елігудің салдарын түсіндірді.
ЗАРИНА ПОПОВА, қалалық ПБ ЖПҚБ бөлімінің аға инспекторы:
— Есірткі жасырушыға қазір 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Ал сол істі ұйымдастырушылар кемі 15 жылдан өмір бойына темір торға тоғытылады. Қаншама жас оңай жолмен ақша табамыз деп аяғын шалыс басып жатыр. Біліп тұрып істейтіндер де аз емес.
МАРИЯ АЙДАКОВА, жеткіншектер үйінің тәрбиеленушісі:
— Мұндай ақпараттық-түсіндіру шарасы біздің құқықтық сауаттылығымызды арттыруға ықпал етеді. Заңды біліп жүрсек түзу жолдан таймаймыз.