ТЖ

Өңірде шомылу ережесін бұзған 70-ке жуық адамға айыппұл салынды

Аптап ыстықтан көлге ағылған халықтың қарасы көбейіп жатыр. Осы орайда төтенше жағдайлар департаментінің жұмысы артқан. Мамандар шомылу маусымы басталғалы 2 мыңға жуық үгіт-насихат жұмысын жүргізген. Дегенмен, демалушылар тыйым салынған жерде шомылып, баланы қараусыз қалдырып жатса тиісті орган қызметкерлері жауапсыз азаматтарға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айыппұл салуға құқылы екенін айта кетті. Ескертуді елемегендерге айыппұл салынды.

РИЗАБЕК ТЕМІРБЕКОВ, СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері:

— Жыл басынан бері облыста 69 азаматқа тиісті әкімшілік құқықбұзушылық фактісі тіркеліп, айыппұл салынған болатын. Қала бойынша 40 адамға айппұл салынды.