Тіл жанашырлары облыс орталығында рейд ұйымдастырды. “Сауатты көрнекі ақпарат – біздің ортақ ісіміз” атты акция қатысушылары орталық базар аумағын аралып, бірнеше кемшілік анықтады.
Баннер өте сұрықсыз күйде. Төменгі тұсы желге желпілдеп тұр. Осы және өзге де жайтты ұйымдастырушылар ғимарат әкімшілігіне айтты. Ескерту еленді, көп ұзамай тек орыс тілінде ақпарат жазылған баннер алынып тасталды.
ӘНУАР ТОҚПАНОВ, “Рух Тіл Жаңғыру” ҚБ төрағасы:
— Бұл акцияның мақсаты – облыс орталығындағы және облыстағы көрнекі ақпаратты бірізділендіру.
Қазақ тілінің мәртесін жоғары қоятын жандар бірнеше нысанда болды. Қателіктер жетіп жатыр. Ұйымдастырушылар олқылықтар жайлы және түзету жолдарын жіпке тізіп, ақпараттық көмек ұсынды.
ӘНУАР ТОҚПАНОВ, “Рух Тіл Жаңғыру” ҚБ төрағасы:
— 4 көшеде орналасқан кәсіпкерлік нысандарында болдық. Бұл акция облысымызда ғана емес, Қазақстан бойынша өтуде. Аудандарға да шығамыз.
Акция қатысушылары халықты белсенді болуға шақырады. Себебі, олар қате көрнекі ақпарат ұсынылған нысандарға тұрғындардың өтініші негізінде де барады.
Байболат Құлтанов