Талапты орындамаған серіктестікке айыппұл салынды! «Тайынша-Астық» ЖШС Табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес келмейтін әрекетке барған. Кәсіпорын жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей уәкілетті органға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есеп беруге міндетті. Тиісті құжат ұсынылмаған. Ұйымға жауапты департамент ескерту хатын да жолдаған. Алайда, жауап болмаған. Жол берілген бұзушылыққа байланысты серіктестікке қатысты әкімшілік іс қозғалып, 3 145 600 теңге көлемінде айыппұл салынды.