Спорт

СҚО-да қызмет еткен Қонысбек Төкенов Ұлттық құраманың бас бапкері атанды

Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналиннің бұйрығымен Қонысбек Төкенов грек-рим күресінен Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Қонысбек Кәрімұлын теріскейліктер жақсы біледі. Ол өңірімізде білім алды, ұзақ еңбек етті. Бірнеше жыл облыс палуандарын дайындады. Бұл тағайындауға дейін білікті маман 20 жасқа дейінгі Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы болды. Бозкілем шеберлерімен толағай табысқа жетті. Бас бапкер үшін енді алғашқы ресми халықаралық жарыс 17-20 шілде аралығында Будапеште өтетін рейтингтік турнир болмақ.

БАУЫРЖАН ҚҰЛЖАНОВ, СҚО күрес федерациясының құрметті президенті:

— Бала кезден білемін. Қаншама бала дайындады. Жастар құрамасымен Испанияда өткен әлем біріншілігіне қатысып, жалпыкомандалық есепте 2-ші орын алды. Мұндай жетістік ешқашан болған емес. Өте кішіпейіл, ауылдың баласы. Мен оған сенемін.