Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты шағымдар азайды. Қаңтар-мамыр аралығында қорға 10 363 шағым түскен. Олардың 5 073-і кері қайтарылған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға төмен. Былтыр ел бойынша 12 мыңға жауық шағым тіркеліпті. Еске салайық, егер медициналық көмек алу кезінде мәселе туындаса, дәрігердің ем тактикасына қатысты шешімімен келіспесеңіз немесе жүйедегі мәртебеге қатысты сұрақтар болса, Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіне аласыз. Аталған қызмет әрбір медициналық ұйымда жұмыс істейді.