ҚоғамҚұқық қорғау органдары

Жақындарына тыныштық бермеген ер адам 10 күнге қамауға алынды

41 жастағы қала тұрғыны Николай Емельянов ащы су ішіп алып, үйінде жанжал шығарған. Мас адамның бірге тұратын әпкесіне де айтпаған сөзі жоқ. Әйел адам дереу полицияға шағымданады. Өйткені, мастық – ағасының әдеткі күйі көрінеді. Бұзақының ісі қалалық сотта қаралды. Ер адам өз кінәсін толығымен мойындады. Жанжалқойдың жазасы жария етілді.

ДАМИР ШАМУРАТОВ, қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы:

— Келесі отырыс Александр Бушуевтың ісі бойынша өтті. Оған сот ішімдік ішуге тыйым салыпты. Алайда, ескерту еленбеген. Мамандар кезекті рейд барысында тәртіпсіз теріскейлікті мас күйде анықтапты. Сол үшін сот залына келіп отыр. Айыпты төрағадан асырап отырған балалары бар екенін, әйелінің жұмыс істемейтіндін айтып, қамауға алмауды сұрады.

Бірақ, заң ортақ, жаза қарастырылған. Судья айыпты тұлғаның ісін алға тартып, 10 күнге бас бостандығынан айырды. Жалпы, қалалық сот қабырғасында жыл басынан бері 2500 іс қаралған. Оның 450-і – тұрмыстық бұзушылық.

ӘСЕМ ІЛИЯСОВА, қалалық ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы:

— Жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған 600-ден астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 160 адамға қатаң талап қойылды. Олардың барлығы полиция органдарында профилактикалық есепке алынды, олармен жиі профилактикалық жұмыс жүргізіледі.

Сонымен қатар, Петропавлда 7 адамға жанжалдық мінез-құлықты түзету бойынша психологиялық көмек көрсетілген.

 

Мәдина Қаби