Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық даму қарқыны! Қаңтар-мамыр аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6,7% өскен. Қаржының жалпы көлемі 145,4 млрд теңгені құрайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 7,5% артты. Аймақта мал мен құсты союға тірідей салмақта 27,7 мың тонна өткізілді, 132,6 мың тонна сиыр сүті сауылды, 250,7 млн дана тауық жұмыртқасы алынды.
Облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындары 311,2 млрд теңгеге өнім шығарды. Мұндағы өсім – 10,6%. Құрылыс жұмыстарына келсек, 28,9% алға жылжу бар. Ал пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 57 мың шаршы метрді құрады. Назар аударатын жайт, экспорт пен импорттың арасы әлі де жер мен көктей. Облыс 5 айда 19,7 млн АҚШ долларының тауарын саудалаған. Сырттан жеткізілген тауардың көлемі 151,1 млн АҚШ долларын құрайды.