Бұл – қаланың сырт жағындағы Новопавловка кенті. Көшелерінің күйі қазір осындай. Ал күз бен көктемде тұрғындардың саз кешіп жүретіндігі айтпаса да түсінікті. Бұл жерге бірнеше жыл бұрын асфальт төселген. Тиісті талап сақталмағандықтан ба бүгінде Алдар көсенің шапанындай күйге айналған.
Ойдым-ойдым жерге жуырда қиыршық тас төселген көрінеді. Бірақ, оның өзі жол жағдайын жақсарту үшін жеткіліксіз болып отыр. Бұдан кейін әкімдікке жүгіндік. Мамандардың айтуынша, биыл жазда аталған кенттегі жолдардың барлығына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:
— Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі барлық саяжай бірлестіктерінің кіреберіс жолдарын тегістеу бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл шаралар тұрғындардың жүріп-тұруына бағытталған.
Жалпы, жаз басталғалы саяжайларға кіреберіс жолдардың 30 шақырымы жөнделген.
Мәдина Қаби