Өнеркәсіп

Азамат Аққошқаров: Қоғамда еңбек адамы бірінші орында тұруы тиіс

Азамат Аққошқаровтың “Петропавл ауыр машина жасау зауытында” еңбек етіп келе жатқанына 13 жылдан асқан. Ол кәсіпорынның ұсталық баспақтау цехінде газбен кесуші болып жұмыс істейді. Яғни, техникалардың сапалы жасалуы, детальдарының дұрыс жұмыс істеуі тікелей осы азаматқа байланысты. Еңбеккердің жұмысы оңай емес. Асқан ұқыптылықты, сабырлылықты қажет етеді. Қателікті кешірмейді. Яғни, өміріне қауіп төнуі мүмкін.

АЗАМАТ АҚҚОШҚАРОВ, Петропавл ауыр машина жасау зауытының газбен кесушісі:

— Ұжым өте ұйымшыл. Біз әріптес болып емес, аға-іні болып еңбек етеміз. Бір-бірімізге көмектесуге әрқашан әзірміз. Мені бұл жұмыста ұстап тұрған бірден-бір себеп осы. Одан қалды зауыт та қызметкерлерге бар жағдайды жасауда. Жалақымыз 250-300 мыңнан кем емес.

Қоғамда еңбек адамы бірінші орында тұруы тиіс. Бұл сөзбен Азамат Орманұлы толықтай келіседі. Аянбай еңбек ететін адам ғана зор жетістіктерге жете алады. Тиісінше, еліміздің дамуына зор үлесін қосады.

АЗАМАТ АҚҚОШҚАРОВ, Петропавл ауыр машина жасау зауытының газбен кесушісі:

— Шыны керек, жастар ауыр жұмыс істегісі келмейді. Бұл экономикамыздың дамуына кері әсер етуі мүмкін. Өскелең ұрпаққа айтарым, еңбек етуден ешқашан қашпау қажет. Ең бастысы, ынта болса болғаны. Қалғанын үйреніп кетесіңдер.

Азамат Нұржанұлында зауыттан кетемін деген ой ешқашан болмаған. Ол қолынан күші кеткенше дейін аталған кәсіпорында еңбек еткісі келеді.

 

Нұрасыл Ахмет