Кәмелет жасына толмағандар – полицейлердің жіті назарында. Демалыс күндері тәртіп сақшылары түнгі рейд өткізді. Басты мақсат – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу. Шенділер түнгі уақытта ұл-қыздар баруы мүмкін ойын-сауық орындарын аралауда. Оған қамқоршылық және білім бөлімдерінің өкілдері, Жастар бастамалары орталығының қызметкерлері мен еріктілер тартылды.
САҒИДОЛЛА ИТЕКБАЕВ – СҚО ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
— Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің Жолдауында айтылған “Заң және Тәртіп” қағидасын жүзеге асыру аясында жасөспірімдермен және оларға қатысты жасалатын қылмыстарды болдырмау қажет. Сол мақсатта ювеналды полиция қызметкерлері мүдделі органдармен бірлесіп, түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілсіз жүрген жасөспірімдерді анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді.
Кей жағдайда балалар жақын туыстарына еріп жүреді. Полицейлер еске салады: заңды өкілдер ретінде тек ата-аналар немесе олардың орнын басатын адамдар ғана танылады. Ата-әжелері, үлкен аға-апалары кәмелетке толмағандар үшін заң жүзінде жауапты бола алмайды.
САҒИДОЛЛА ИТЕКБАЕВ, СҚО ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
— Ағымдағы жылдың басынан бастап ҚР ҚР ӘҚБтК 442 бабы бойынша 1303 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ойын клубтары, ойын-сауық орындары және жастар арасында танымал басқа орындарға назар аударылады. Бұл жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда.
Сенбі күні өткізілген рейд барысында сағат 23:00-ден кейін көшеде заңды өкілсіз жүрген 25 жасөспірім анықталды.
Данаш Хамза