Әскери өмір, темірдей тәртіп пен қайсар мінез. Төртжылдық еңбектің жемісі. Ұлттық ұлан академиясының курсанттары оқу ордасынан түлеп ұшты. Осыдан 4 жыл бұрын 184 бозбала елге адал қызмет етуге серт берді. Бүгін сол азаматтар қолдарына лейтенант шені мен дипломдарын алды.
Жалынды жастардың бойын қуаныш сезімі кернегені айтпаса да түсінікті. Бірақ, қимастық сезімі де жоқ емес. Осы уақытқа дейін бір казармада тұрып, тәртіпке бірдей бағынған жігіттер енді еліміздің түкпір-түкпіріне жіберіледі.
АҢСАҒАН БАЛТАБЕКОВ, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:
— Бүгінгі таңда Ұлттық ұланға орасан зор жауапкершілік артылып отыр. Осы орайда сіздер қиын да күрделі әскери қызметті адал және жауапкершлікпен атқаруға дайын болуларыңыз қажет.
Маңызды шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов қатысты. Ол жас мамандарды бүгінгі айтулы күнмен құттықтап, адал қызмет етудің маңыздылығына тоқталды.
МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО әкімінің бірінші орынбасары:
— Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Торсанұлының атынан сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы-Қарулы күштерінің жоғары Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биыл өз сөзінде “Елімізді қорғау аса маңызды міндет” деп атап өтті.
Ұлдарының қолдарына димлом алғандарын көріп, мәз-мейрам болысқан ата-аналардың көңілі алып-ұшып тұр. Олар балаларын құттықтауға асық. Ата-аналар балаларының ер жеткеніне, ал жастар үкілеген үмітті ақтағандарына қуанышты. Солтүстікқазақстандық Талғат Байқадамов ата-анасын бүгін ерекше қуантты. Қызыл димлом алып, жақсы тәртібі үшін мақтау естіді.
ТАЛҒАТ БАЙҚАДАМАОВ, ҚР ҰҰ академиясының түлегі:
— Маған жауынгерлік тумен қоштасуға мүмкіндік туды. Бұл мен үшін өте жауапты сәт. Алдағы уақытта батыс жаққа Ақтау қаласына жұмысқа барамын. Отбасымда әскери адамдар бар. Олар мен үшін үлкен үлгі болды. Сол себепті, әскери бағытты таңдадым.
Курсанттардан бөлек шарада магистранттар да диломдарын қолға алды. Олардың барлығы аталмыш оқу орнында жоғары лауазымдарға тағайындалды.
МАҚСАТ АХМЕТОВ, ҚР ҰҰ академиясының магистранты:
Аталмыш оқу орнында тек білім ғана беріп қоймайды. Сонымен қатар, ғылым іздену мен кәсіби дамуды үйретеді. Оқу орнын 12 магистрант аяқтады. Олардың барлығы жоғары лауазымдарға тағайындалды.
Арқадан жүк түспеді. Керісінше артты. Енді жігіттер-еліміздің түкпір-түпірінде әскери қызметтерін атқарады. Жалпы, биыл ҰҰ әскери академиясын 184 түлек аяқтаса, соның 16-сы қызыл димлом алды.
Мәдина Қаби