ҚоғамҚұқық қорғау органдары

Жас полицейлерге алғашқы қызметтік куәліктер табысталды

Солтүстікқазақстандық жас полицейлерге алғашқы қызметтік куәліктер табысталды. Тарихи сәт, ерекше сезім. Шараға ведомство ардагерлері қатысып, жастарға тілек білдірді.

ҚАПЕЗ ДӘУЛЕТБАЕВ, СҚО ДП тәлімгерлер кеңесінің төрағасы:

— Я желаю вам не лёгкой, но интересной, захватывающей службы. Чтоб эта служба была для вас одной – и на протяжение 20-25 лет.

Салтанатты рәсім полиция департаментінің мұражайында өтті. Бұл жердің маңызы зор. Мұнда қазақстандық полицияның қалыптасуы жолында аянбай еңбек еткен мамандар жайлы деректер, жеке заттар бар.

ЛЮБОВЬ ОСИНСКАЯ, СҚО ДП мұражайының меңгерушісі:

— Мы должны учиться на подвигах, на поступках, на трудолюбии тех, кого давно уже нет с нами, но они будут жить в стенах нашего музея вечно.

Жалынды жастардың алдында маңызды жұмыс тұр. Олар қиындыққа төзе білуі тиіс. Халықтың амандығы, қоғамның тыныштығы жолында еңбек ету – полицияның міндеті.

ГҮЛДАНА СЕРІКБАЙ, Петропавл қалалық ПБ анықтау тобының анықтаушысы:

— Анықтау бөліміндегі жұмыс өте қызық. Қиындығы мен қызығы әрқашан қатар жүреді. Неше түрлі адамдарға және оқиғаларға тап боласың.

Полицейлер қызметтік куәліктерін жаңа атақ берілген сайын ауыстырады. Алайда, олар үшін алғашқы құжаттың орны әрдайым бөлек болады.

 

Мәдина Қаби