Шаһарда Әулие-Ата жерінен келген тараздықтарға арналған экскурсия ұйымдастырылды. Танымдық шара алдымен 19-шы шағын ауданындағы жаңа мешіттің алдынан бастау алды.
ЮЛИЯ КУЗЬМЕНКО, экскурсия жүргізушісі:
— Қонақтар ары қарай көлікке отырып, қаланың ішін аралады. Экскурсия жүргізушісі тараздықтарға Петропавл қаласының терең тарихын баяндап берді. Облыс орталығында еңбек нарығында сұранысқа ие кадрлар әзірленеді. Қалада 9 колледж бар, жалғыз жоғары оқу орны – М.Қозыбаев атындағы университет туралы да айтар әңгіме көп. Білім ордасы 94 жылға дейін педагогикалық институт болған.
Келесі нысан – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры. Мәдениет ордасының 100 жылдан астам тарихы бар. Алаңда елді жаудан қорғаған Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткіші орналасқан. Қала қонақтары Мәңгілік алау маңына келіп, майдангерлердің рухына тағзым етті. Ескерткіш 79 жылы салынған екен.
ЮЛИЯ КУЗЬМЕНКО, экскурсия жүргізушісі:
— Тарихи қала Тараздан келген қонақтарды таң қалдыру оңайға соқпас. Себебі, көне қаланың өзінде де өткеннен сыр шертетін дүниелер көп. Дегенмен, Қызылжардың өзгеге ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі бар дейді Әлия Ыбырайымқұлова. Ол – тазалығы мен жасыл желегінің молдығы.
ӘЛИЯ ЫБЫРАЙЫМҚҰЛОВА, Тараз қаласының тұрғыны:
— Мен Петропавл қаласында бірінші ретпін. Қала өте әдемі екен. Жап-жасыл, ағаштар көп. Тарихтарымен де танысып жатырмыз. Мектеп кезінде оқыған тарихты да еске алып жатырмыз.
Жалпы, мұндай танымдық шаралар облыс орталығында көктемнен қолға алынған. 3 айдың ішінде қала қонақтарына арналып 3 экскурсия ұйымдастырылған. Шара жаздың соңына дейін жалғасады.
Осы ретте сандарды сөйлетсек, өткен жылы бүкіл облысқа 15 мыңнан астам турист келген. Оның 8 мыңы – шетелдік азаматтар. Туристер арасында аса сұранысқа ие жерлер – теріскейдің айдын көлдері.
ДАМИР НЕТАЛИЕВ, СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы:
— Туристердің көбі, яғни 60 мыңнан астам адам Имантау мен Шалқар көлдеріне барған. Көл жағасындағы демалыс орындарының саны да, сапасы да артып келеді. Қазіргі таңда облыста 16 инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр. Демалыс аймақтарын дамытуға тартылған қаржы көлемі 4 млрд теңгеге жуықтайды.
Ботай қонысы, Айғаным қонысы, Абылайханның ақ үйі. Теріскей өңірі тарихи ескерткіштерімен де танымал. Жалпы, облыс аумағында барлығы – 589 тарих және мәдениет ескерткіші бар. Оның 9-ы республикалық маңызға ие.
Мәдина Қаби