Солтүстікқазақстандық 32 оқушы Алматыға республикалық олимпиадаға аттанды

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:

Қазір мына пойыз Петропавлдан Алматыға аттанады. Онымен IQanat республикалық олимпиадасының 2-ші кезеңінде жеңіске жеткен солтүстікқазақстандық 32 оқушы жол жүреді. Өңіріміздің барлық ауданынан жиналған жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жастар. Олар оңтүстік астанада дәстүрлі білгірлер сайысының ақтық сынында білімдерін тексереді. Ұл-қыздарына сәттілік тілеп, ақыл айтып тұрған ата-аналармен тілдесейік.

КҮНСАРА СӘДУАҚАСОВА, ата-ана:

— Қызым Алматыға жол жүргелі тұр. Оған және барлық балаға сәттілік тілеймін.

Балалар үйге жеңіспен оралғысы келеді. Барлығының арманы – ата-ананың, ұстаздарының үмітін ақтау.

ЕРКЕЖАН НҰРАН, IQanat республикалық олимпиадасына қатысушы, Есіл ауданы:

— Физика пәнін қатысамын. Жақсы дайындалдық.

Жоғары сыныптарға аяқ басқалы тұрған оқушылар үшін IQanat олимпиадасының берері мол. Ол алдағы уақытта сапалы білім алуға, емтихандарға дайындалуға және тіл меңгеруге мүмкіндік сыйлайды.

ЕРКЕЖАН НҰРАН, IQanat республикалық олимпиадасына қатысушы, Есіл ауданы:

— Басты жүлде – еліміздің ең үздік оқу орындарының бірі IQanat High School of Burabay мектебінде білім алуға арналған гранттар. Финалистердің бір бөлігі мектеп-пансионатта тегін оқуға мүмкіндік алатын болса, екінші бөлігі олимпиададан кейінгі үш жылдық тегін қолдау бағдарламасына қатысады. Оның аясында балалар ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға белсенді дайындалады, ағылшын тілін, ІТ дағдыларды, кəсіпкерлік негіздері мен өзге бағыттарды меңгереді.

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:

— Қоса кету қажет, Алматыдағы қорытынды кезең маусымның 13-і мен 20-сы аралығында өтеді. Финалда еліміздің барлық облысынан жиналатын 1000 ауыл оқушысы сынға түседі. Бұлар – 50 мың бала қатысқан іріктеуден сүрінбей өткен 8-сынып оқушылары.

 

Байболат Құлтанов