Өнеркәсіп

Саналы ғұмырын зауытқа арнаған жан

Мәркен Бақтыбаевтың “Петропавл ауыр машина жасау зауытында” жұмыс істеп жүргеніне биыл 40 жыл толады. Ол кәсіпорынның ұсталық баспақтау цехінде баспамен кесушісі болып еңбек етеді. Яғни, техникалардың сапалы жасалуы тікелей осы азаматқа байланысты. Саналы ғұмырын зауытқа арнаған жанның жұмысы оңай емес. Асқан ұқыптылықты, сабырлылықты қажет етеді. Қателік жасасаң аяқ-қолыннан айырылып, өміріне қауіп төнуі қалуын мүмкін.

МӘРКЕН БАҚТЫБАЕВ, Петропавл ауыр машина жасау зауыты баспамен кесушісі:

— Зауытқа мені жездем әкелді. 40 жылдың ішінде кәсіпорынның барлық цехында жұмыс істедім. Жалпақ тілмен айтқанда түрлі металдарды кесумен айналысамын.

Әрине, осыншама уақыт бір орында жұмыс істеу емес оңай. Бұл Мәркен Мәкенұлының өз жұмысына деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Ол – артынан еріп келе жатқан жастарға үлгі. Еңбекқор жан бүгінге дейін ондаған шәкірт тәрбиелеген екен.

МӘРКЕН БАҚТЫБАЕВ, Петропавл ауыр машина жасау зауытының баспамен кесушісі:

— Жастарға айтарым, еңбек етуден ешқашан жалықпау қажет. Ең бастысы, ынта болу қажет. Қалғанын үйреніп кетесіңдер.

Маркен Мәкенұлының сөзінше, қанша жерден өз ісінің маманы болғанымен, кейде ауыр детальмен жұмыс істеу барысында қиындықтар кездесіп тұратын көрінеді. Жасы 60-тан асса да жастардан қалмай ауыр жұмыс атқарып жүрген азаматтың қызметін әріптестері жоғары бағалайды.

АЗАМАТ АҚҚОШҚАРОВ, Петропавл ауыр машина жасау зауытының газбен кесушісі:

— Мәркен Мәкенұлымен 13 жыл бойы бірге еңбек етіп келемін. Жұмыстың қыр-сырын үйреткен осы азамат. Адамгершілігі мол. Өте ұқыпты жан. Мұндай білікті маманның әріптесі болу – мен үшін мақтаныш.

Айта кету керек, қазіргі таңда зауытта 400-ге жуық адам еңбек етеді.

 

Нұрасыл Ахмет