“Қазақстан отбасында зорлық-зомбылықсыз”. Осындай атаумен облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өкілдері челлендж ұйымдастырды. Акцияға солтүстікқазақстандық полицейлер де атсалысты. Шараға қатысушылар тұрғындар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру науқанын ұйымдастырды. Челленджге үкіметтік емес ұйым өкілдері мен белсенді жастар тартылды.