БалаларСпорт

“Жазғы академия”: спорттық ойындар күні

Оқушылар сарайында “Жазғы академияның” басталғанына бүгін – 3-ші күн. Әр күн белгілі бір тақырыпқа арналған. Сәрсенбіде балалар спорттық ойын ойнап жүріп Мексика еліне саяхаттады. Мына ойынның атауы – “Чунке”. Сыртынан боулингке ұқсайды. Ұл-қыздар ойыншықтан қамал салып, оны доппен көздеп құлатуы қажет.

НҰРТІЛЕУ ҚОШҚАР:

— Ол боулингке ұқсайды. Өте қызықты болды. Лагерьге бірінші рет келіп отырмын. Ұнап жатыр. Барлығы ұйымшыл, ешкім ұрсыспайды. Алдағы уақытта тағы футбол және эстафета ойындары болғанын қалар едім.

Балалардың қалауы алдағы уақытта ескеріле жатар. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша бағдарлама баланың жасы мен қызығушылығын ескере отырып құрылған. Тағы бір тиімді тұсы, әр шара тәрибелік және танымдық тұрғыда пайдалы.

ЛЮДМИЛА ЗАЙНУТДИНОВА, Оқушылар сарайы директорының орынбасары:

— Ойындарды біз балаларды сергітіп алу мақсатында ұйымдастырамыз. Белгілі бір ұлттың ойыны болса, сол елдің салт-дәстүрі, тыныс-тіршілігі жайлы сыр шертеміз. Бұл балалардың ой-өрісін дамытуға ықпал етеді.

Еске сала кетейік, Оқушылар сарайындағы “Жазғы академияда” 6 маусым өтеді. Мамандар барлығы – 2 мыңнан астам баланы қамтиды.

 

Мәдина Қаби