БалаларБілім

Жасанды интеллект оқушылардың агрессивті әрекетін бірден хабарлайды

Заман игілігі қауіптің алдын алады. Петропавл қаласындағы 9 білім беру мекемесі мен Явленка ауылында орналасқан Аяған Шәжімбаев атындағы №3 мектеп жасанды интеллектпен жабдықталған бейнебақылау жүйесімен қамтылды. Ол балалардың агрессивті әрекеттерін автоматты түрде анықтап, бірнеше секунд ішінде мектеп директорына хабарлайды. Қажеттілік туындаған жағдайда директор учаскелік инспекторға немесе «102» арнасына қоңырау соғады. Бүгінге дейін жасанды интеллектің көмегімен бірде-бір шақыру тіркелген жоқ. Өз кезегінде полицейлер бұл жаңашылдықты қолданыстағы әдістерді толықтыратын тиімді құрал ретінде оң бағалауда.

 

Байболат Құлтанов