Оқиға осыдан 2 ай бұрын болған. Қылмыстың бетін ашу кезінде тәртіп сақшылары облыстық прокуратура өкілдерімен бірлесе әрекет еткен. Күдікті Петропавлдағы “Южный” бекетінде қолға түскен. Зиянды заттар оның «Daewoo Nexia» автокөлігінің орындығының астынан табылған екен.
РУСЛАН ҮМБЕТОВ, СҚО ПД ЕҚҚІБ бастығы:
— Сараптама көрсеткендей айыпталуышыдан 594 грамм зиянды зат тәркіленді. Оның 490 грамынан астамы – “a-PvP” синтетикалық есірткісі, қалғаны – каннибас шайыры. Бізде бар ақпарға сүйенсек, күдікті есірткі сататын интернет-дүкендердің бірінде жұмыс істеген.
Бұл – биыл полицейлер тәркілеген ең ірі көлемдегі синтетикалық есірткі партиясы. Айта кету керек, жыл басынан өңірде 140-қа жуық есірткі қылмысы тіркелген. Оның 60-тан астамы – сату фактілері.
Нұрасыл Ахмет