«Әр түрлі балалар – бір балабақша». «Өрлеу» орталығының мамандары осындай тақырыппен инклюзивті білім беруді дамыту туралы семинар ұйымдастырды. Жиын «Болашақ» бөбекжай-бақшасында өтті.
НАТАЛЬЯ ПОДКОМАРОВСКАЯ – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша КДИ» кафедра меңгерушісі:
— Бүгінгі семинар – педагогтер мен инклюзивті білім беру мамандары бірлесіп жұмыс істейтін тәжірибелік алаң. Біз инклюзия туралы жай ғана айтпаймыз – ол жерде заманауи ойын, логопедиялық және сенсорлық технологиялардың әр балаға өзін қабылдауға, сезінуге қалай көмектесетінін көрсетеміз. Мақсатымыз – ерекше баланы дұрыс қолдай білетін мамандар қауымдастығын құру.
Семинар барысында шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, воркшоп форматы танысырылды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, балаларды дамыту мен қолдаудың инновациялық тәсілдерін меңгерді.
ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА – «Ақбота» балабақшасының әдіскері:
— “Өрлеу” біліктілікті арттыру орталығында курсқа қатысып, өз білімімізді толықтырудамыз. Ұйымдастырылуы өте жақсы, материалдары мазмұнды, тренер – өз ісінің шебері, әр тақырып түсінікті түрде беріліп жатыр, практикалық тапсырмалар арқылы бекітілуде.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.