Ауыл шаруашылығы

А.Сапаров Қостанай облысында СҚО тәжірибесін тарату бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қостанай өңіріне жұмыс сапары барысында СҚО тәжірибесін тарату бағдарламасының жүзеге асуымен танысты. Жоба 2023 жылы қолға алынған. Бұл тұрғыда өзге аймақтардың солтүстік шаруалардан үйренері көп. Аграрилеріміз жыл сайын толағай табысқа жетуде. Айтқан сөзімізге дәлел ұсынсақ. Аймақта 110 тауарлы-сүт фермасы бар. Өткен жылы облыс фермаларында 320 мың тонна ақ сауылған. Одан қалды, биыл екі заманауи кешен іске қосылады. Аққайыңдар өлкесінде жаңа кәсіпорындардың құрылысына 2,5 пайызбен несие беріледі. Жаңашылдық аясында іргелес өңірде 15 млрд теңгенің 6 жобасы жүзеге асуда. Оның үшеуі қолданысқа берілген.

 

Нұрасыл Ахмет