Қоғам

25 жастағы бойжеткен алаяққа 2 млн теңге рәсімдеп берген

Петропавл тұрғынына WhatsApp арқылы хабарласқан қулар өздерін «Қазпошта» қызметкері ретінде таныстырған. Жеткізілген тауардың SMS-кодын сұратып, кейін байланысқа “банк қызметкері” шығып, сіздің атыңызға біреу несие рәсімдеп жатыр деген. Алаяқ ақыры айналдыра отырып 2 млн теңгеден астам сомаға несие рәсімдетіп, өздеріне аударып алған. Алаяққа алданған айыртаулық зейнеткер 4 млн теңгесінен айырылды.

69 жастағы әйел адам Лавровка ауылында тұрады екен. Бұл кісіні алдау схемасы жаңа айтылған бойжеткендікіне ұқсас. Оған да маман маскасын жамылған адам хабарласып антивирустық бағдарлама жүктеткен. Бұдан кейін зейнеткердің телефоны бұғатталған да қалған, депозиттен жоғалған ақша 4 млн теңгеден асады. 37 жастағы петропавлдық 6 млн теңгесінен айырылды.

Алаяқтар 37 жастағы петропавлдықты да айналып өтпеді. Алдау схемасы бірдей. Бірақ, бұл жолы қулар SIM-картаның мерзімінің таусылғанын желеу еткен. Онлайн-несие рәсімдетіп, алынған 6 жарым млн теңгеге жуық ақшаны өздеріне аударып алған. Осы үш жағдайда да алаяқтар адамды қорқыту, асықтыру, құзырлы орган беделін пайдалану арқылы ықпал етіп, онлайн-несие рәсімдеу, қосымша жүктеу сияқты түрлі іс-әрекеттер жасатқызған. Осы орайда полиция қызметкерлері ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр. Жалпы, облыста жыл басынан тіркелген интернет-алаяқтық саны 270-ке жуықтайды.